Ақпараттық портал

Шежіре – асыл мұра

Елдігіміздің, кешегі өткен бабалар ерлігінің рухы әрқашанда биік, халқымыздың арманы заңғар болуы бүгінгі ұрпақ, келешек уақыт үшін аса маңызды болып саналады. Жеті атаны білу дегеніміз – жеті ата жүйесі қалыптастырған әлеуметтік- экономикалық құндылықтар мен талаптарды басшылыққа алып, мүлтіксіз орындау.
Бастапқы жеті ата жүйесі қалыптасқаннан кейін, әрбір өмірге келген нәресте жаңа жеті ата жүйесін бастаушы, қалыптастырушы екенін білген, сол үшін кем дегенде екі ұлды өмірге келтіру жауапкершілігін анасының ақ сүтімен жадына сіңірген, соның арқасында қазақ халқы қалыптасқан. Қыз алысып, қыз беріспеу жүйесі өзіңнен басталатын жеті ата, жеті ұрпақ тізбесін қамтиды. Жеті ата тізбесінің бір нұсқасы: өзің – бірінші ата, әкең – екінші ата, әкеңнің әкесі – үшінші ата, төртінші ата – арғы ата, бесінші ата – баба ата, алтыншы ата – түп ата, жетінші ата – тек ата.
Әр халықтың өз тегін, қайдан шыққанын білуге деген құштарлығы болуы қажет. Шежіре ғасырдан ғасырға ұласып, атадан балаға жалғасып келе жатқан тұнба байлық. Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екенін білеміз. Сондықтан, бұл дәстүрді әр қазақтың баласы біліп, мәнін түсінуі қажет.

Нурила Рахимбаева,

Leave A Reply

Your email address will not be published.