Ақпараттық портал

Қауіпсіз азық-түлік өнімдерін қалай таңдауға болады?

Дәмді және сіңімді тағамдарды дайындау үшін дүкеннен азық-түлікті дұрыс таңдауымыз керек. Осы тұста бізді әртүрлі тосын сыйлар күтіп тұрады: нашар сапа, консерванттар және әртүрлі қосындылардың сәйкессіздігі. Бұған көп нәрсені тізуге болады, бірақ бір нәтиже – ол денсаулықтың нашарлауы, көп салмақ, асқазанның мәселесі, әрі қарай тағы да көп мәселелер. Шындығында өнімнің сапасы жайында айтатын түрлі үлкен әріптермен жазылған мәтін, жарқыраған және әртүрлі түсті оралған орамаларды көріп, бізге әртүрлі азық-түлік ұсынатын жарнамашылардың қармағына ілінбей, сапалы азық-түлікті сатып алуды қалай үйрену керек?
Ол үшін мына кеңестерді есте сақтай жүріңіздер:
1. Өнімді техникалық нұсқаумен емес мемлекеттік стандартпен таңдау қажет. Мемлекеттік стандартпен жасалған азық-түлік тағамы көбінесе тамаққа жарамды.
2. Сапалы тауарлар түпнұсқаулық атаулармен аталуы керек, сондықтан тауардың атауына назар аударыңыз.
3. Жарамды мерзіміне назар аударыңыз, жарамды мерзімі әлі біте қоймаған тауарды таңдаңыз.
4. Акцияға берілмеңіздер. Қандай акциялық тауар сатып алатыныңызды бірнеше рет ойланып, қараңыз.
5. Тағам бұзылуы мүмкін мыжылған және жыртылған жерлері бар ма, жоқ па, сыртқы орамасын мұқият қарап алыңыз.
6. Егер де, сіз суытылған ет алатын болсаңыз, онда етке саусағыңызды батырыңыз, ол жер тез өз орнына келетін болса, онда ол ет көп уақыт тұрып қалған, ылғалын көп жоғалтқан, бұл тағамды таңдамай, ары қарай өтіп кете беріңіз.
7. Құрамына көңіл бөліңіз.
8. «Экологиялық таза өнім» және «Таза өнім» деген сөздерге сене бермеңіз.
9. Құрамында атаулары «Е» (Е-471, Е-522, тағы басқалар) бар қосындылары жоқ тағамдарды алуға тырысыңыз.
10. Еске сақтаңыз, шұжықтың әдемі түсіне қызықпаңыз, түсі неғұрлым қызыл болғаны оның құрамында нитрит натрияның көп болғанын білдіреді.
Сапалы еттің белгілері:
-Ет таңдауда өзіміздің отандық өндірушілердің өніміне тоқталуыңызға кеңес береміз. Еттің түсіне назар аударыңыз – еттің сұрыпына қарай ол тегіс қызыл не болмаса қызғылттау болу керек. Еттің басқан жері тереңдеп, тез орнына келсе, онда – ол жаңа сойылған ет. Егер сіздің алдыңызда қаралау және қызыл–қоңыр ет болса, онда ол ет ескірген, қатты ет, ал егер ет қызғылттау кішкене сіңірлері болса, онда ол ет жұмсақ, жас малдың еті болғаны.
Сүт және қышқыл сүт өнімдері – «ең пайдалы тағам өнімдері» тізіміне жатады. Сақтау мерзіміне көңіл бөлу керек, мысалы, сапалы сүт өнімдерінде сақтау мерзімі – 5 күн, қаймақта – 7 күн, майда – 10 күн. Егерде сүт тоңазытқышта 6 ай тұратын болса, онда ол сүтте консерванттардың көп болғаны.
Сатып алған тағам өнімдерінің сапасын білгіңіз келсе, Шу аудандық бөлімшесінің «Ұлттық сараптама орталығы» зертханасына әкеліп, мемлекеттік стандартқа сай өндірілген өнім бе, жоқ па тексертуге болады.

Г.Рахметулла,
ҚР ДСМ СЭБҚ «Ұлттық
сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша
филиалының Шу аудандық бөлімшесінің санитарлық-гигиеналық зерттеулер зертханасының
зертханашысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.