Шу ауданының 2023 жылғы қаңтар–қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Демография. 2023 жылғы 1 қазанға Шу ауданының халық саны 106,3 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 45,5 мың адам (42,8 пайыз), ауылдықтар – 60,8 мың адам (57,2 пайыз). 2022 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 0,1 мың адамға немесе 0,1 пайызға өсті.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында барлығы 1586 нәресте дүниеге келіп, 550 адам қайтыс болды. 2022 жылы 1666 нәресте туылып, 485 адам қайтыс болған еді. Ауданда 420 неке тіркеліп, 45 отбасының ажырасу) фактісі орын алды. Өткен жылы 486 неке тіркеліп, 63 отбасы ажырасты.
Көші-қон. 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ауданға барлығы 2246 адам көшіп келіп, 3305 адам ауданнан тысқары жерлерге қоныс аударды.
Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. 2023 жылғы қаңтар-қазанда төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 15414,3 тонна ет, 35014,5 тонна сүт, 9656,4 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 343,5 тонна ет, 655,2 тонна сүт, 136,7 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 58328 басқа, қой 469092 басқа, ешкі 37785 басқа, жылқы 20536 басқа, түйе 111 басқа, үй құстары 86696 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда қой 56045 басқа, жылқы 165 басқа, түйе 18 басқа, үй құстары 101 басқа көбейді.
Өнеркәсіп өндірісі. 2023 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 19377,2 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 100,6 пайызды құрады.
Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 52126,5 млн теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі – 41906,9 млн теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 27315 шаршы метрді құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 19094,9 млн теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 5933 млн теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 13161,9 млн теңгеге сатылды.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы.