ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Біз оған тарих сахнасындағы талай сынақтардан өтіп жеттік!
Сол себептен мен өзімнің “ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ – 86” атты табиғи тастан жасалған жұмысымды Тәуелсіздіктің құрметіне арнадым. Бұл еңбегім 1986 жылы ел тағдыры үшін құрбан болып, Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастарға деген құрметтің көрінісі.
2015 жылы басталған осы мүсіндік композициямды 2018 жылы аяқтап, Тараз қаласында осы жылы ашылған “Желтоқсан – 86» орталық музейіне табыстадым. Еңбегім музейдің төріне қойылды.
Екінші жұмыс «Озбырлыққа қарсы дауыс» деп аталады.
Қали ҚОРАЛАСБАЕВ,
суретші-мүсінші.