Ақпараттық портал

«Amakids-тің» алғашқы асуы

Білімпаздарды Дубайдағы додаға аталмыш пәннің жаттықтырушылары Меддина Иманалы мен Ақерке Оңғарбай, ата-аналар бастап барды. Алып жазираға барған кішкентей шулықтар ұстаздарының үмітін ақтап, ойша есептеудің озықтары екенін дәлелдеді. Мәселен, Аяна Қасым, Алихан Сәбитұлы, Інжу Асылхан мен Ярослав Хорунжа сынды балалалар үшінші орынды иеленсе, Мария Дивеева екінші орыннан көрінді. Олимпиадашылар арасындағы ең кішкентайы Алихан екенін айта кеткен жөн. Апасымен бірге барған ол небәрі 5 жаста.
Кез келген жетістік бірінші басшыға тікелей байланысты. Сондықтан білім беру орталығының директоры, осы жолдар авторы Жанар Оралханқызының ұйытқы болуымен балғындар білімдерін паш етуге мүмкіндік алды. Аталған жарысқа 5 мемлекеттен 220 қатысушы барғанын ескерсек, жерлестеріміздің әлеуетін білу қиын емес. Өздерінің мықты екендерін дәлелдеген жас шулықтардың қадамы туралы жылы лебіздер айтылып, бізге оқушыларды жақсы дайындағаны үшін және жарыстағы жеңістері үшін ұйымдастырушылар Алғыс хатын тапсырды.
Балғын математиктер ментальды арифметикадан бөлек орталықта ағылшын тілі курсына да қатысады. Соның себебінен шетелге саяхат барысында оларға қарым-қатынас құру қиынға соқпаған. Қатысушылардың пікірінше бұл саяхат оларға зор шабыт сыйлаған.
-БАӘ–де бізді жоғары деңгейде қарсы алып, ерекше ілтипат көрсетті. Бұл сапар баршамызға, оның ішінде балаларға бөлек әсер сыйлағаны сөзсіз. Әрі жадында ұзақ сақталады деп сенеміз. Дубай – біздің алғашқы асуымыз. Сонымен қатар соңғысы емес деп ойлаймыз. Болашақта мұндай шаралардан шет қалмауға тырысамыз,-дейді М.Иманалы сапар туралы әсерімен бөлісіп.
Біз мамыр айынан бастап Төле би ауылында «AMAKIDS» оқыту орталығының кезекті филиалын ашпақ ниеттеміз. Ата-аналар мен зерек балаларды асыға күтеміз.

Жанар Иманалинова,
«AMAKIDS» білім беру орталығының директоры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.