Ақпараттық портал

Алғыс арқалаған абзал жандар

Кез келген адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен аялы алақандарының жылуын сезінеді. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үзілген үміттер жалғанады. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, жанына – дауа, тәніне – шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құштарлығын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалайтын ақ желеңді абзал жандар.
Осы турасында аудандық орталық аурухананың ішкі аурулар бөлімінің меңгерушісі Ақбалаев Сабыр Құдайбердіұлына, сол жерде еңбек ететін Фарида Кнасова,
Гулнара Нурман, Жаныл
Мустафиярова, Жадыра Ескараева, Аяш
Сәбит, Асия Нурпеисова сынды ақ халатты абзал жандарға алғыс айтамын. Мен де жақында дене қызуым көтеріліп, ауырып қалдым. Содан осы бөлімде жатып, ем алып шықтым.
Әуелі Алланың қалауымен, содан соң сіздердің шипалы алақандарыңыздың арқасында бүгінде денсаулығым түзеліп, жұмыс орныма оралдым. Сол үшін, ардақты ақ халатты абзал жандар, сіздерге асқақ абырой, биік бедел, ел игілігі үшін атқарған еңбектеріңіздің ақталуын тілей отырып, халықтың алғысын арқалаумен кәсіби тұрғыда биік шыңдарды бағындыруларыңызға, денсаулықтарыңыз мықты болып, күш-қуаттарыңыздың арта түсуіне тілек қосамын.
Назгүл Байбатшаева,
Төле би ауылының тұрғыны.

Leave A Reply

Your email address will not be published.