Әлеуметтік қызмет көрсету
Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсететін 2 бөлімше және «Игілік-Шу» коорпоративтік қоры бар. Бөлімшелерде 2 меңгеруші, 2 кеңесші маман, 2 психолог, 27 әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді. Соның ішінде 24-і жоғары білімді, 9-ы арнаулы орта білімді. Шу қаласы бойынша және 19 ауылдық округ бойынша барлығы 146 бала қамтылып отыр.
Атап айтқанда, Шу қаласында 71, Төле би ауылында 27, Қонаев ауылында 9, Далақайнар ауылында 2, Шоқпар ауылында 6, Бірлік ауылында 4, Мойынқұм ауылында 2, Көктөбе ауылында 3, Ескі-Шу ауылында 1, Жаңа жол ауылында 2, Алға ауылында 9, Бірлікүстем ауылында 3, Бәйдібек ауылында 3, Абай ауылында 1, Ақсу ауылында 1, Жиенбет ауылында 1, Жайсан ауылында 1 қызмет алушыларға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
ПСАБ-психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалар-44;
ТҚАБ-тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар-88;
ПСА-психоневрологиялық ауытқулары бар, 18-жастан асқан адамдар-14.
Әлеуметтік қызметкерлер халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында әлеуметтік көмек көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығы бойынша өз қызметін жүзеге асырады.
Әлеуметтік қызметкер аптасына кемінде екі рет (екі сағаттан) балаларға қызмет көрсетеді. Әрбір қызмет алушыға 1 жылдан аспайтын мерзімге жеке жұмыс жоспары әзірленеді. Жүргізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын жеке жоспардың орындалуы туралы журналды / электрондық картотекада көрсетеді. Балаларға жеті бағытпен, ал 18 жастан асқан адамдарға сегіз бағыт бойынша қызмет көрсетіледі.
Қызмет алушыларға:
1. Әлеуметтік- тұрмыстық қызмет;
2. Әлеуметтік-медициналық қызмет;
3. Әлеуметтік- психологиялық қызмет;
4. Әлеуметтік – педагогикалық қызмет;
5. Әлеуметтік –мәдени қызмет;
6. Әлеуметтік- экономикалық қызмет;
7. Әлеуметтік-құқықтық қызмет;
8. Әлеуметтік-еңбек қызметі көрсетіледі.
Екі бөлімшеде екі психолог жұмыс істейді. Психологтар – 32 қызмет алушыға психологиялық көмек көрсетуде.
Гүлмира Керімбаева,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.