Билер кеңесі – бітімгерлік бастауы
2023 жылдың мамыр айында Шу қаласының тұрғыны азаматша Б.А. күйеуі Ж.С. ара қатынастарының нашарлағанын айтып, талап-арыз түсірген. Шу ауданы билер алқасының отырысында қаралып, екі тараптың түсіністік тауып татуласып, талап-арыздарын тоқтатуды сұранды. Жанұя тату-тәтті өмірлерін жалғастыруда.
Маусым айында Жаңа жол ауылының тұрғыны, азаматша С.Ж. күйеуі С.Б.-мен ажырасатыны туралы талап-арыз түсірген. Бұл іс билер алқасының отырысында талқыланып, екі жақтың да туыстарын қатыстыра отырып, жастардың жарасуына қол жеткізілді.
Маусым айында Төле би ауылының тұрғыны азаматша М.Б. бауырлары Ж. және Н. үнемі зорлық-зомбылық жасайтынын айтып шағымданды. Бұл отырысқа билер алқасының мүшелері әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы, әлеуметтік-психологиялық кеңес беру кабинетінің мамандары, учаскелік инспектор қатысты. Жауапкерлер Ж. мен Н. зорлық-зомбылық істердің болмағанын айтты. Арызданушы М.Б.-ның нақты дәлелі болмағандықтан бұл іс тоқтатылды. Учаскелік инспекторға осы іс туралы қосымша мәліметтер болса хабарласып тұруы сұралды.
Осы жылдың шілде айында Төле би ауылының тұрғындары, Балуан Шолақ көшесінің тұрғыны А. – С.-ның заңсыз іс-әрекеттері үшін шағымданды. Онда малдарды жайылымға айдап шығатын жолды, тұрғындардың жүретін жолын заңсыз бекітіп жауып тастағаны айтылған. Билер алқасының мүшелері, әлеуметтік-психологиялық кеңес беру кабинетінің мамандары, талап қоюшылар және жауапкерлер қатысқан отырыс жауапкерден қоршауды алып, тұрғындардың қарым-қатынас жолы ашылсын деген шешім қабылдады.
Ж.БАЙТЕРЕК,
Шу ауданы билер алқасының төрағасы.