Ақпараттық портал

Жас қабір

9-шілде мен үшін қаралы күн.
Тәнім сау, жүрегім қан, жаралымын.
Қапияда айырылдым немеремнен,
Бауыр-етім езіліп барады інім.

Зілдей ауыр екен ғой қайғы деген,
Мұң жайлаған халімді жайлы демен.
Қамалынан шыға алмай шырқыраған,
Жанды жүрек, от болып жанды денем.

Балғын еді пейілін кір шалмаған,
Кір шалмаған жүзінен нұр саулаған.
Кіп-кішкентай еді ғой ажал аңдып,
Түсірді ме торына құрсаулаған.

Ажал, ажал атың өшсін тасқа кір,
Талғамайсың саған кәрі, жас та бір.
Сәбиімді қиып түстің, қайтейін,
Қорым шеті. Тұр мұңайып жас қабір.

Тампылбай МОЛДАҚҰЛОВ,
Төле би ауылы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.