«Архив-2025» бағдарламасы тарихты түгендеуге зор мүмкіндік береді
«Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасы бастау алды. Бұл бағдарлама негізінде ел қызметінде жүрген тарихшылар, мәдениеттанушылар мен деректанушылар отандық және шет елдік архивтермен тығыз қатынас орнатып, ұзақ мерзімді іздеу-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын болады. Белгіленген жеті жыл уақыт аралығында жинақталған деректер мен құнды материалдар архивте сақталып қана қоймай, толықтай цифрланып, қалың жұртшылық назарына ұсынылатын болады. Яғни, «Цифрлы Қазақстан» бағдарласымен тығыз байланыс орнатуы тиіс «Архив-2025» бағдарламасының атқарар жұмысы зор.
«Архив-2025» бағдарламасы ұлт тарихын санаға сіңіруде архивтің маңыздылығына, архив қорын сақтау мен байытудың қажеттілігіне назар аудартып отыр.
«Архив-2025» бағдарламасы аясында, Шу ауданының мемлекеттік архивінің құжаттарды сақтау бойынша қоймалардың 100% толуына байланысты Шу ауданы, Төле би ауылынан Төле би ауылдық округі әкімінің 17.01.2023 жылғы №15 шешімімен тұрақты жер пайдалану құқығы бекітіліп, ауданымызға заман талабына сай архивке арналған жаңа типтік ғимарат салу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда Шу ауданы бойынша Қазақтан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебі мен физикалық жағдайының сақталуын қамтамасыз ету негізгі міндетіміз.
Сондықтан, Қазақтан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер» туралы №326-1 Заңының негізінде Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №576 қаулысымен бекітілген «Ұлттық архив қорының құжаттарын және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары» және Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебі мен физикалық сақталуы, архив қорларын жүзеге асырып отырмыз. Шу ауданы мемлекеттік архивінде 425 қордан 127124 құжат сақталуда. 2013 жылдан бастап сақтауда тұрған құжаттарды сандық форматқа жүргізу жұмыстары қолға алынды. Осы уақытқа дейін аудандық архивтегі 425 қордан электронды цифрлы форматқа 43 қордың 18417 сақтау бірлігі, 1483342 парағы өткізілді. Бұл жұмысқа арнайы өткізетін сканерлер беріліп, жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл дегеніміз, алдағы уақытта барлық архив құжаттары цифрлық форматта сақталады деген сөз. Аудандық архив тарапынан жоспарға сай жыл сайын ведомствалық архивтерге ақпараттық жүйе бойынша әдістемелік көмектер, оқулар, семинарлар өткізіліп, жүйеде жұмыс жасау бойынша кеңестер беріліп отырады.
Айта кетейік, 2021 жылдың қазан айынан бастап «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі «Е-архив» жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.
Бүгінде архивтегі қажетті құжаттарыңызға халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе үйде отырып-ақ «Электрондық үкімет» E-GOV.KZ веб-порталындағы «Құқықтық көмек», «Апостиль қою» бөліміне өту арқылы архивке өтініш беріп, қол жеткізе аласыз. Ақпараттық жүйе қосылғалы бері аудандық архивке осындай 930 электронды өтініш келіп түсіп, 676 өтініш қанағаттандырылып, 254 өтініш түсіндірілген. Оның ішінде 70 сұраныс ТМД елдерінен келген.
Архив құжаттарын цифрлық форматқа көшіру – өңірдің тарихы үшін, ертеңгі болашағымыз үшін аса маңызды. Сондықтан біз бағдарламаны жүзеге асыру барысында құжаттарды сапалы түрде сақтап, қоғамға тиімді жолмен әрі оңай ақпарат беру үшін қызмет етудеміз.
Г.Сексембаева,
«Шу ауданының мемлекеттік
архиві» КММ архивисі.