Ақпараттық портал

«Бір ел – бір кітап» акциясы

Қазақ прозасында өзінің ерекше қолтаңбасы бар, қаламынан таным тамшылары мөлдіреген, қабырғалы жазушы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдікұлының шығармалары биыл «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жыл бойына оқуға ұсынылды.
Төлен Әбдіктің үлкенді-кішілі отызға жуық еңбегі бар. Осыған орай, Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Төленнің парасат майданы» тақырыбында портреттік кеш өткізілді. Домалақ ене орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілген бұл іс-шарада кітапханашы қазақтың көрнекті жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдіктің өмірбаянына тоқталып өтті. Оның сөйлеген сөздері мен жазған туындылары шындықты шыңғыртып айтуымен басталады. Сөзі мен ісі арасында алшақтық болмаған жазушы екендігі туралы мағлұмат бере отырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.
Баршаңызды Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға шақырамыз!
С.Сатканова,
Бірлікүстем ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.