Ақпараттық портал

Есепке алуды жүргізу тәртібі

Заңды тұлғалар әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жеке карточкалар бойынша жүзеге асырады. Әскерге шақырылушыларға қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген қағидаларына сәйкес әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу мерзімді әскери қызметке дайындауға тиісті азаматтардың тізімі жүргізіледі.
Заңды тұлғалардың әскери есепке алуды жүзеге асыруы үшін бірінші басшының бұйрығымен әскери есепке алуды жүргізуге жауапты адамдар тағайындалады, оларға:
1) жұмысқа (оқуға) қабылдау кезінде әскери міндеттілерде әскери билеттердің немесе уақытша куәліктердің, ал әскерге шақырылушыларда тіркеу туралы куәліктердің бар болуын тексеру. Көрсетілген құжаттарды алу қажет болған жағдайда азаматтарға қолхат беріледі;
2) жұмысқа (оқуға) қабылданатын азаматтардың әскери есепте тұруын айқындау. Әскери есепте тұрмаған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар тұрғылықты жері бойынша әскери есепке тұрғаннан кейін жұмысқа (оқуға) қабылданады;
3) жұмыс істейтін (білім алатын) азаматтардың толық және сапалы әскери есепке тұруын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік органдарға және ұйымдарға әскери міндеттілерді броньға қоюды рәсімдеу;
5) азаматтардың шақырту (шақырту қағазы) бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына уақтылы баруына мүмкіндік беру;
6) «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы №28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери міндеттілерді, әскерге шақырылушыларды әскери есепке алудың және броньға қоюдың жай-күйін тексеру журналын жүргізу жүктеледі.
Запаста тұрудың шекті жасына толған азаматтардың немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтардың жеке карточкаларына “Жасы бойынша әскери есептен шығарылды” немесе “Денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығарылды” деген белгі қойылады.
15-16 жастағы азаматтар туралы, әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиісті азаматтар туралы, сондай-ақ әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың жұмыс орындары жөніндегі мәліметтерді ЖӘБО мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл жасау арқылы алады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Заңының 642-бабына сәйкес, бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын азаматтардың тiзiмдерiн белгіленген мерзімде жергiлiктi әскери басқару органына ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау – ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне – он, ұйымдардың, оқу орындарының бірінші басшыларына – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Азаматтарды ұйым басшысының немесе әскери-есепке алу жұмысына жауапты басқа да жауапты тұлғаның жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы туралы құлақтандырмауы, сол сияқты азаматтарға жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша уақтылы келу мүмкiндiгiн қамтамасыз етпеуі он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодекстің 646-бабына сәйкес, әскери мiндеттiлер, әскерге шақырылушылар мен азаматтар туралы мәлiметтердi хабарламаған жағдайда:
1. Халықты әлеуметтік қорғау органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың мүгедектігі бар адам деп танылуы туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары лауазымды адамының стационарлық емделудегі және диспансерлік есептегі әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылар туралы мәліметтерді жергiлiктi әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Азаматтық хал актiлерiн жазу органы лауазымды адамының жергiлiктi әскери басқару органына әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзiлгендігі туралы белгiленген мерзiмде хабарламауы он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке тұруға мiндеттi, бiрақ тұрмаған, жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтар туралы хабарламауы он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Анықтау және алдын ала тергеу органдарының хабардар етуге жауапты лауазымды адамдарының анықтау немесе алдын ала тергеу оларға қатысты жүргізіліп жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы жергілікті әскери басқару органына заңнамада белгіленген мерзімде хабарламауы он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Соттардың жергілікті әскери басқару органын хабардар етуге жауапты лауазымды адамдарының сот оларға қатысты қылмыстық істер қарап жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшіне енген үкімдер туралы заңнамада белгіленген мерзімде хабарламауы он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Шу ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы,
подполковник Н.Бөден.

Leave A Reply

Your email address will not be published.